Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған танымдық-музыкалық кеш өтті

Ауқымды шара әнші Гүлмира Саринаның «Абайдың ән әлемі» атты авторлық жобасы аясында ұйымдастырылды

Қаламызда Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған танымдық-музыкалық кеш өтті.

Ауқымды шара ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлмира Саринаның «Абайдың ән әлемі» атты авторлық жобасы аясында ұйымдастырылған.

Жобаның мақсаты – Ұлы ақын мерейтойының өтуіне, шығармашылығының ел арасында насихатталуына үлес қосу, ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған эстафетаны Абайдың ән-күй мұрасын насихаттау арқылы қолдау. Өскелең ұрпаққа Абай заманындағы, оған дейінгі және кейінгі қазақ халқының ұлттық музыкасын, төл өнерін дәріптеу, мемлекет жастарын есті әндермен елжандыққа тәрбиелеу болып табылады. https://top-news.kz/abaj-nanbaj-lyny-175-zhyldy-merejtojyna-arnal-an-tanymdy-muzykaly-kesh-tti/