Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.
1986 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына оқуға түсті («Жеке ән айту» кафедрасы, КСРО Халық әртісі Роза Жаманованың сыныбы), 1991 жылы оқуын аяқтады.
1991 жылдан бастап облыстық филармонияның әншісі болып жұмыс істейді.
Репертуарында қазақ, орыс, еуропалық классиктердің шығармалары, халық әндері мен заманауи композиторлардың шығармалары бар.
Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің жетекші концерттік сахналарында республикамыздың өнерін насихаттап жүрген әртіс.
Филармонияның концертмейстері Ботагөз Биғабыловамен бірге «Романтика романса» (2014 ж.), ҰОС ардагерлеріне арналған концерт (2015 ж.), «Дария» концерттік бағдарламасы (2016 ж.), «Оглянись» (2016 ж.), «Миром правит любовь» (2017 ж.) атты мерейтойлық жеке концерттерін дайындап, өнер сүйер қауымның жоғары бағасына ие болды.
Гүлбану Абдулина – «Liberta» академиялық ән айтудың балалар вокалдық студиясының ұйымдастырушысы және жетекшісі (2019 ж.).
Жетістіктері мен марапаттары:
- «Вокал» номинациясы бойынша меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты (2006 ж.);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» төсбелгісі (2011 ж.);
- «Өнер әлемі» Қазақстан филармониялық қоғамдарының шығармашылық форумының қатысушысы (Астана қ., 2013 ж.);
- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (2013 ж.).
- ТМД ПАА төрағасы В. И. Матвиенконың «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері (РФ, Мәскеу қ., 2015 ж.);
- Облыстың мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін және шығармашылық қызметінің 25 жылдығына орай Қостанай облысы әкімінің грамотасы (2016 ж.);
- Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның 75 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің грамотасы (2019 ж.).