«Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері.
1993 жылы Қостанай мемлекеттік университетіне түсіп, 1998 жылы «Музыка» факультетін бітірді.
1992 жылдан бері облыстық филармонияның әншісі болып жұмыс істейді.
Оның репертуарында «Ақжелең» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен орыс халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен орындайтын орыс және шетел композиторларының опералық ариялары мен заманауи вокалдық шығармалары, романстары бар.
Қазақстанның, ТМД елдерінің көптеген концерттік алаңдарында, үкіметтік концерттерде табысты өнер көрсетеді.
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ өнер факультетінде вокалдан оқытушы болып қызмет еткен кезде, көптеген дарынды әншілерді тәрбиелеп шықты.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісінің иегері (2008 ж.)
  • Қостанай меценаттар клубы сыйлығының «Вокал» номинациясы бойынша лауреаты (1999, 2010, 2017 ж.ж.);
  • 59-шы Халықаралық вокалистер фестиваль-байқауының І дәрежелі лауреаты (РФ, Екатеринбург қ., 2018 ж.);
  • Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының 75 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің грамотасы (2019 ж.).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.