«DOSSTAR» вокалдық тобы облыстық филармонияда 2001 жылы құрылған. Топтың алғашқы атауы «New boys» болды.
Топтың құрамында: Қайрат Осипов, Ермек Жақсыбаев, Алексей Костюченко, Бейімбет Жүнісов жұмыс істейді.
Топтың репертуарына қазақ халық әндері мен классикалық шығармалар, заманауи хиттер мен уақытпен үндескен шлягерлер кіреді. Олар қостанайлық композиторлар С.Молдабеков, В. Ситников, А. Горяев және қазақстандық авторлар Б. Оралбеков, А. Дүйсенов, А. Серкебаевтардың шығармаларын асқан шеберлікпен орындайды.
Филармонияның танымал да жетекші ұжымы, көптеген халықаралық және республикалық фестивальдердің қатысушысы.

Жетістіктері мен марапаттары:

  • «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауының дипломанты (Астана қ., 2007 ж.);
  • «Азия даусы» халықаралық конкурс-фестивалінің дипломанты (Алматы қ., 2010 ж.);
  • Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңы аумақтарының 4-ші Халықаралық фестивалінің дипломанты (РФ, Омбы қ., 2013 ж.);
  • «Белые ночи» Халықаралық фестивалінің дипломанты (РФ, Санкт-Петербург қ. 2016 ж.).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.