Орыс халық аспаптар оркестрінің дирижері.

1999 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясына түсіп, оны 2003 жылы «Дәстүрлі музыкалық өнер (баян)» мамандығы бойынша бітірді.
2004 жылы Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясына орыс халық аспаптар оркестрінің әртісі ретінде шақырылды. Орыс оркестрімен дирижерлік қызмет 2007 жылы басталды.
2008 жылдан бастап Наталья Вильянова қазақ халық аспаптары оркестрінің аспапшысы ретінде шығармашылық қызметін табысты ұштастырып келеді.

Жетістіктер мен марапаттар:

  • «Еуропа-Азия» оркестрлер фестивалінде «Жоғары орындаушылық шеберлігі үшін» грамотасы (РФ, Магнитогорск қ., 2013 ж.);
  • Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты (2013, 2019 ж.ж.).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.