Көркемдік жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Батырбек Байназаров;
Бас Дирижері – Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық байқауының «Алтын таяқша» номинациясы бойынша І дәрежелі лауреаты Берік Оразалин;
Қазақ халық аспаптар оркестрі 2008 жылы құрылды.
Оркестрдің дирижерлік пультінде шығармашылық әлеуметі жоғары, дарынды да танымал музыканттар Берік Оразалин мен Назымбек Молдахметов бір-бірін алмастырды.
Оркестрдің негізі Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы мен ҚР Ұлттық музыка Академиясының түлектерінен, облыстың үздік аспапшыларынан, Астана, Көкшетау, Талдықорған, Қарағанды музыканттарынан құралды.
Ұжым репертуарында халық музыкасының классиктері Құрманғазы Сағырбайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дина Нұрпейісова, Дәулеткерей Шығайұлы, Махамбет Өтемісұлы, біздің көрнекті замандастарымыз А. Жұбанов, Н. Тілендиев, қостанайлық композиторлар Б. Хамзин, К. Деріпсалдин, Б. Сәуекеновтің шығармалары шырқалады.
Қазақ халық аспаптар оркестрі қаланың, облыстың, еліміздің бұқаралық іс-шараларының белсенді қатысушысы.

Жетістіктері мен марапаттары:               

  • «Еуропа-Азия» халық аспаптар оркестрлерінің Халықаралық фестиваль-байқауының Гран-при иегері (РФ, Магнитогорск қ., 2013 ж.);
  • Құрманғазының туғанына 190 жыл толуына арналған «Ғасыр күмбірі» фестивалінің қатысушы дипломы (Атырау қ., 2013 ж.);
  • «Серпер» III Республикалық халық аспаптар оркестрлері фестиваліне қатысушының дипломы (Астана қ., 2013 ж.);
  • «Гауһар тас» І Республикалық халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдері фестивалінің қатысушы дипломы (Петропавл қ., 2014, 2018 ж.ж.).
Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.