Балалардың шығармашылық өнерін дамытуға ықпал ететін бұл ұжым 2006 жылы кәсіби хореографтар Ксения Харина мен Светлана Абрамованың жетекшілігімен «Костанайские зори» би ансамблінің жанынан құрылды.

Балалар ансамблінің сахнадағы алғашқы үлкен қойылымы  «Жаңа жылдық ертегі» музыкалық-хореографиялық спектаклі және «Пиноккио мен оның достарының оқиғалары» мюзиклі болды.

Алғашқы жылдан бастап «Зарянка» ұжымының бишілері қала, облыс, республика деңгейінде өткізілген көптеген концерттерге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2018 жылы Ресейдің Сочи қаласында  өткізілген «Дети России» халықаралық байқау-фестиваліне қатысып, «Халық биі» номинациясы бойынша бас жүлде және «би ұсынысы» номинациясы бойынша I дәрежелі лауреат атанды.  2019 жылы Ташкент қаласында өткен «Шығыс раушаны» халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, би шеруінде үлкен жас санаты бойынша I дәрежелі лауреат атанса, кіші және орта жас санаттары бойынша III-ші дәрежелі лауреат атанды.  

Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.