1992 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, оны 1997 жылы «Музыка және ән» мамандығы бойынша «Академиялық вокал» біліктілігі бойынша бітірді.
2008 жылдан бастап Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі болып жұмыс істейді.
Сахнада орыс халық аспаптар оркестрімен және камералық оркестрмен өнер көрсетеді. Репертуарында опералық ариялар, романстар, танымал оперетталардың әндері бар. Ол вокалдық шығармаларды орыс, қазақ, итальян, француз, неміс, ағылшын тілдерінде шебер орындайды. Италияның Пезаро қаласындағы опера студиясында тағылымдамадан өтті.
Жетістіктері мен марапаттары:
- Бүкілресейлік «Я концертмейстер» конкурсының дипломанты (РФ, Мәскеу қ., 2013 ж.);
- «Opera studio di Pesaro Italia» дипломы, Халықаралық опера студиясы (Пезаро, Италия, 2014 ж.);
- «Южноуральск – Зальцбург» Халықаралық байқауының дипломанты (РФ, Оңтүстік-Уральск қ., 2014 ж.);
- Қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этностық топтардың халықаралық конкурс-фестивалінің дипломанты (Астана қ., 2015 ж.).