Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында 29 қараша күні IV Халықаралық дирижерлар форумы аясында Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтті.  

Дәстүрге айналған беделді шара биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл бірегей музыкалық жоба! Биылғы форум Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған. Кеште Фарух Садыков – Өзбекстанның халық әртісі, профессор; Дәурен Ғлымов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты; Мүсілім Әмзе – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің және Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің дирижері; Гүлзат Дәуірбаева – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «вокалдық өнер» кафедрасының доценті және Берік Оразалин – М.Төлебаев атындағы «Алтын таяқша» бесінші  халықаралық конкурсының лауреаты Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері; Аслан Өтебаев – Боздақ Рзаханов атындағы III республикалық  «Сиқырлы таяқша» дирижерлер байқауының лауреаты.

Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің дирижері мен филармония солистері өнер көрсетті.

Поделиться:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.