Қостанай облыстық филармониясы сахнасында «Костанайские зори» би ансамблінің «Би әлеміндегі 55 жыл» атты мерейтойлық концерті жоғары деңгейде өтті.
Кеш барысында көрермендерге әлем халықтарының билері ұсынылып, сондай-ақ бір бөлімді балет «Болеро» шығармасынан әсерлі фрагмент көрсетілді.
Өнерпаздарды мерейтойымен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

