Алғашқы концерттік бағдарлама 1944 жылы 19 наурызда облыстық драма театрының ғимаратында көрсетілген еді. Оған Қаз КСР халық әртістері М. Қойшыбаев, Е. Өмірзақов, қытай симфониялық музыкасының негізін салушысы, композитор Си-Си-Хай, композитор А. Байқадамов, қостанайлық жас әртістер Р. Қасымов, С. Жақыпов, К. Жұманқұлова, Г. Бекмұхамедова, К. Әбенов, Н. Есмұхамбетова, К. Тілемісов, З. Сейдалина, К. Қойшыбаева және т.б. қатысты.